МЫС (II) ХЛОРИДІНІҢ ИОНДЫ ЕМЕС ПЭГ ЖӘНЕ ПВП КЕШЕНДІ ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ СИНТЕЗІ ЖӘНЕ СИПАТТАМАЛАРЫ

Авторы

  • И.А Смагулова КазНУ им. аль-Фараби
  • Б.С. Бәкірова
  • Д.Н. Акбаева

Аннотация

Мыс(II) хлориді және полиэтиленгликоль (ПЭГ)  мен поливинилпирролидон (ПВП) негізіндегі кешенді қосылыстардың құрамы потенциометрлік әдіспен анықталған. Кешенді қосылыстың құрамын анықтауға арналған тәжірибелік мәліметтер нәтижесінде титрлеу қисықтары тұрғызылған және әрекеттесуші құраушылардың оптимальді мольдік қатынастары табылған. Бьеррумның түзілу функциясы есептелген. Есептелген мәндер ПЭГ екі монобуыны (Cu2+-ПЭГ кешенді қосылысында 1:2), ПВП үш монобуыны кешентүзгіш мыс ионына(Cu2+-ПВП кешенді қосылысында 1:3) сәйкес келетіндігін дәлелдеген.   Тұрақтылық константасы негізінде Вант – Гофф және Гиббс изотерма және изобара теңдеулерін қолдана отырып Гиббс энергиясы (DrG0), энтальпия (DrH0) және энтропия (DrS0) мәндері есептелген. Сu2+-ПЭГ және Сu2+-ПВП жүйелеріндегі кешентүзілу үдерісі Гиббс энергиясының теріс мәнімен сипатталады, яғни аталмыш жүйелерде полимерметалдық кешенді қосылыс түзілу үдерісі өздігінен тура бағытта жүреді. Мыс иондарының ПВП кешентүзілу реакциясы экзо – эффектпен өтеді, яғни энтальпия мәні – теріс. Сu2+-ПВП жүйесімен салыстырғанда мыс иондарының ПЭГ кешентүзілу үдерісі энтальпияның жоғары оң мәнімен сипатталады, яғни  Cu2+  полимердің функциональдық топтармен әрекеттесуі энергетикалық тұрғыдан тиімсіз. Энтропия мәні – оң, аталмыш құбылысты лиганд ретіндегі иондар және функциональды топтардың деградациясымен, бір ион бірнеше функциональды топшалармен байланысатын кешентүзілу барысындағы хелаттық эффектпен түсіндіруге болады. ИҚ – спектроскопия әдісімен синтезделген кешенді қосылыстардың құрылысы зерттелген. Полимерлі лигандтардағы оттегі атомы металл – кешентүзгіш ионымен координациялық байланыс орнатуға қатысатындығы анықталған. Сканирлеуші электрондық микроскоп нәтижесі кеуекті біртекті емес аморфтық құрылымға ие полимерлі қабықшалардың түзілетіндігін көрсетеді.

Дополнительные файлы

Опубликован

2022-06-17