«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХИМИЯ ЖУРНАЛЫ» ЖУРНАЛЫНДА РӘСІМДЕЛЕТІН МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

«Қазақстанның химиялық журналы» Еңбек Қызыл Ту орденді Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтында жылына 4 рет шығарылады.

Журналдың мақсаты – кең ауқымды мамандар тобы үшін бейорганикалық және органикалық химия, мономерлер мен жоғары молекулалы қосылыстар химиясы, ион алмасу және мембраналық технология, мұнай химиясы және мұнай химиясы синтезі, дәрілік заттар мен физиологиялық белсенді қосылыстардың химиясы, химиялық экология, тыңайтқыштар мен тұздар химиясы және физикалық химия саласындағы жаңа ғылыми тұжырымдар мен идеяларды, ғылым және техника салаларының проблемалық мәселелерін, іргелі өзекті тақырыптар бойынша жаңа ғылыми шешімдер мен ғылыми-зерттеулерді жариялау. Журналда ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен өндіріс мамандарының теориялық және практикалық маңызы бар ғылыми мақалалары мен пікірлері жарық көреді.

Журнал редакциясына ұсынылған мақалалар мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

Жалпылама талаптар

Редакциялық ұжым MS Word мәтіндік редакторда электронды түрде терілген мақалаларды, сонымен қатар соңғы бетте барлық авторлардың қолы және уақыты қойылған, қағазға басып шығарылған түрде қабылдайды.

Суреттер 300 dpi минимум мүмкіндігімен, *.bmp, .tiff форматта көрсетіледі. Сызбалар, графиктер MS Word немесе MS Exсel бағдарламаларында жасалынады.

Мақала тілі

Мақалалар қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде қабылданады және редакциялық ұжым заман үрдісіне сай мақалалар танымдылығын арттыру үшін ағылшын тіліндегі мақалалар Журналымызда жариялануға басымдық беріледі.

Беттер параметрлері

Беттің форматы: А4 (210х297 мм).

Жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см. Буынға бөліп жазу қарастырылмайды. Абзацтық шегіну – 1,0 см.

ӘОЖ (УДК)

Мақаланың басында, сол жақ жоғары бұрышында баяндалып отырған тақырыпқа сай келетін әмбебап ондық жіктелу (ӘОЖ) көрсетіледі. Мұнан соң, бір жол шегіністен кейін, автор(-лар)дың аты-жөн(-дер)і, тағы бір жол шегіністен кейін автор(-лар) жұмыс жасайтын ұйымның және қала мен елдің атау(-лар)ы көрсетіледі. Тағы бір жол шегістен соң, мақаланың тақырыбы бас әріптермен келтіріледі. Шрифті – жартылай қалың.

Аңдатпа

Мақаланың тілінде (көлемі 150 сөзден кем емес).

Түйін сөздер

Мақала тілінде көрсетілген, мақаланың мазмұнын ашатын (6-8) сөздер мен сөз тіркестері.

Гарнитура

Мақаланың мәтіні Times New Roman гарнитурасында теріліп, 14 пт кегль өлшемімен, жол аралық интервал - бірлік, пішіндеу – ені бойынша.

Мақаланың құрылымы мен көлемі

Мақаланы құрылымдау жалпы бекітілген стандарттарға сәйкес жүргізіледі: кіріспе (берілген зерттеудің немен байланысты екені туралы түсіндірмені қамтуы керек, тиісті әдебиеттерге шолу жасау, таңдалынып алынған зерттеудің методологиясын негіздеу), әдістер (құрал-жабдықтар, аппаратура, әдістемелер, жүргізілген зерттеулерді баяндау), нәтижелер мен талқылау (зерттеу барысында алынған нәтижелер, оларды әдебиеттегі бар мәліметтермен салыстыру), қорытындылар (алынған нәтижелерді тұжырымдау). Мақаланың көлемі аңдатпа мен қолданылған әдебиеттерді қоса алғанда: 6-дан 10 бетке дейін болуы тиіс. Шолу мақалалары 20 бетке дейін ұсынуға рұқсат етіледі.

Қолданылған ақпарат көздеріне сілтемелер

Қолданылған ақпарат көздеріне сілтемелер дәйексөздің соңынан тік жақшалар арқылы, дәйек көзінің нөмірін көрсетіп, ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттау. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері» сәйкес жүргізіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Мақала мәтінінен кейін орын алады. Нөмірлеу жеке келтірілген «ӘДЕБИЕТ» сөзінен соң, жаңа жолдан бастап, мақала мәтінінде ғылыми еңбектің келтірілуіне сәйкес жүргізіледі. Рұқсат етілген сілтеме саны 20-дан кем болмауы тиіс, соның ішінде 50% кем емес – халықаралық ғылыми басылым көздеріне (Clarivate Analytics, Scopus, Springer Nature халықаралық мәліметтер базасына кіретін журналдарды) жасалынуы керек. Ары қарай осы жолмен тізімнің транслитерациясы жүргізіледі. Бір нөмірмен тек бір әдебиет көзі белгіленеді. Әдебиеттер тізімінде көрсетілген ақпарат көздері жаңа және қазіргі уақыттағы болуы тиіс.

Түйіндеме

Әдебиеттер тізімінен кейін, қысқаша мазмұн - түйіндеме келтіріледі. Егер мақала қазақ тілінде жазылса, орыс және ағылшын тілдерінде автордың аты-жөні, мәтіні (150 сөзден кем емес), түйін сөздер, жұмыс орындалған ұйымның толық атауы көрсетіледі.

Мақалаға қоса берілетін құжаттар

Мақалаға ілеспе құжаттар (қазақ немес орыс тілдерінде):

  1. Журналдың редакция алқасына осы зерттеу жұмысы жүргізілген ұйымынан жіберілген қызмет хаты.
  2. Сараптама актысы.
  3. Авторлар туралы мәліметтер: әр автордың аты-жөні, академиялық дәрежесі, ғылыми атағы, қызметтік және үй телефондары, пошталық индексі бар үйдің мекен-жайы, электронды адресі (жеке бетте 2 дана).
  4. Пікір.
  5. Ғылыми институттар, жоғары оқу орындары, өнеркәсіптік кәсіпорындар және ғылым докторы немес ғылым кандидаты ғылыми атағы бар әрбір автор «Қазақстанның Химиялық журналы» жыл сайынғы жазылу көшірмесін немесе сканерленген нұсқасын ұсынады. («ҚазПочта» АҚ каталогында жазылу индексі немесе оған қосымша – 75 241). Осы құжатсыз мақалалар қабылданбайды.

Көрсетілген талаптарға сай келмейтін мақалалар қайта түзетуге қайтарылады.

Мақаланы жариялау туралы шешім Журналдың редакция алқасымен қабылданады.

Электрондық нұсқасы электронды түрде тасымалдаушылармен ұсынылады немесе электронды адрестерге жіберіледі: (This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.).

Баспаға қабылдау күні журналдың барлық талаптарына сәйкес келетін нұсқаны алу күні болып табылдады. Жариялау кезегі мақаланы басып шығаруға қабылданған күнмен анықталады.

Журналдың редакция алқасы