«Қазақстанның химия журналы» Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен (№ 3995-Ж бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу туралы куәлік 2003 жылғы 25-маусымдағы), Париждегі ISSN халықаралық орталығымен (ISSN 1813-1107 тіркеу нөмірі 2005 жылғы 6-тамыздағы) тіркелген және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған (2013 жылғы 15- наурызындағы № 532 бұйрығы) ғылыми жұмыстардың негізгі нәтижелерін жариялау үшін жарияланымдар тізіміне енгізілген. Журнал Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау және аттестациялау комитетінің 2005 жылғы 9 маусымдағы № 476 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде (№3995-Ж 25.06.2003 ж.) диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар тізіміне кіреді.

Құрылтайшы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Еңбек Қызыл Ту орденді А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты. Журнал 2003 жылы құрылған, жылына төрт рет шығады және химия және химиялық технологияның өзекті мәселелері бойынша бірегей мақалалар мен шолулар жариялайды.

«Қазақстанның химиялық журналы» келесі негізгі тараулар бойынша химия және химиялық технологияның өзекті мәселелері туралы мақалалар мен шолулар жарыққа шығарады:

ü  бейорганикалық және органикалық химия,

ü  мономерлер, жоғары молекулалы қосылыстар мен ион алмасу химиясы және технологиясы,

ü  мұнай химиясы және мұнай химиясы синтезі,

ü  дәрілік заттар мен физиологиялық белсенді қосылыстардың химиясы,

ü  химиялық экология,

ü  тыңайтқыштар мен тұздар химиясы,

ü  физикалық химия.

 

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.


Редакцияның мекен-жайы:

A26F3Y1, Алматы қаласы, Ш. Уалиханов көшесі, 106.

«А.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ-ы.


Химический Журнал Казахстана
Designed by joomlatd.com